Баннер
 
404 Not Found

Not Found

The requested URL /covertable.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at globr.info Port 80

Қасиетті мөр қалай сақталған? Қаралды: 962
Рейтинг пользователей: / 0
ХудшийЛучший 
«Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген халық нақылы бар. Арыстанбаб – Әзіреті Сұлтанның ұстазы. Сондықтан, Түркістанға келгенде Арыстанбабқа соғып кету керек.
Ал, бабтар бабы – Арыстанбабқа зияратқа келгенде, Жаңыл апаға амандасып кетуге тырысыңыз дейді білетідер. “Неге?” десеңіз, ол кісіде бүкіл түркінің пірі – Қожа Ахмет Ясауидің мөрі сақталған.  
«Алланың қалауымен келген Алтайдың арғынымын»
 
– Жаңыл апа, сіз мөрді сақтаушы, көзі тірі тарихи адамсыз, әуелі әңгімені өзіңізді таныстырудан бастасақ.
– Көкшетаудың қазағымын. Атбасар, Қаракөлденбіз дегенді үлкендерден талай есіткенмін. Сүйек бойынша Алтай арғынымын. Әкем Сүйінбай және де осы «Қожа әулетіне келін болып түстім…» Отырардағы басқа да арғындар 1917 жылы Сарыарқадағы толқуларға қатысып, содан ауып осында келген. Қазіргі Шіліктің негізін солар салған. Өзім осында туылғанмын, отырарлықпын.
– Әулиенің ұрпағы Мамасадық ақсақалмен қалай тағдыр қостыңыз?
– 1941 жылы соғыс басталғанда Темір ауылында телопоншы болып жұмыс істей бастадым. Онда жасым 12-де болатын. 1945 жылы тағдырдың жазуымен Шерімбет әздер тегі, Бабахан қары ұрқы Мамасадыққа басымды байладым. Ол кезде де сол қызметті жасап жүр едім. Соғыстың басталуын да, бітуін де ауданға өзім хабарладым. Ақсақал Сейітқожадан тарайтын. Мен осыны білемін. Арғы-бергісінен онша хабарым жоқ.
– Қожа демекші, қожалық сіздің жас кезіңізде бетке шіркеу болды емес пе? Қызылдар «қожа мен молданы, қойдай қу қамшымен» деп ұрандатып еді...
– Қожамын деп айту бүгінгіге оңай ғой. Ол заманда оңай болмады. Тіпті, бір қызымның «неге қожаға тидің?» деп жылағаны бар. Ол шақта бізді «дуана қожа» деп бір елсіз-жерсіз, кем жұртша кемсітетін.
 
«Мөрді Астананың бас мешіті де сұратып жатыр»
 
– Апа, бізге енді осы Нарымбетовтар әулетінің атадан балаға мирас болып, көздің қарашығындай сақталып жеткен жәдігері, қасиетті мөр туралы айтып берсеңіз. Әулиелердің көзіндей дүние әйел де болсаңыз, басқа емес, сіздің қолыңызға қалай түсті?
– Мен бұл шаңыраққа келін болып түскеннен 5 жыл өткеннен кейін Бабахан атам 2 құран кітаппен бірге осы мөрін қолға беріп: «ешкімге берме, қызылдар бәрін құртады», – деді. Зайыбыма аманаттамағаны, оның өкіметтің жұмысын атқаратындығына сенімсіздік білдіргенінен туындаса керек.
– Жұрт бұл мөрдің қасиеті ерекше дейді. «Жолың оңғарылады, келешекте асығың алшысынан түсетін болады» деседі. Өзіңіздің иелік еткен ғұмырыңызда мөрдің қандай да бір қасиетіне куә бола алдыңыз ба?
– Ондай жолы оңғарылып кетіп жатқандар көп. Көбісі «апа, сіздің батаңыздан кейін тасым өрге домалай бастады» деп рахметін айтып, келіп жатады. Патшамыздың қызы Дариғадан бастап, бірнеше белгілі азаматқа дейін алдымнан өткен. Күні кеше бір бала келіп «сіздің арқаңызда жолым оңғарыла бастады, Шығыс Қазақстанда белді қызметке тұрдым» деп, қазақы оюмен көмкерілген мөріме сондай шап-шақ әдемі қап сыйлап кетті. Олардың қайсы бірін айта берерсің. Бәрі осы мөрдің қасиеті де...
– Есте қаларлықтай бір кереметін айтсаңыз...
– Керемет деуге артығырақ болар. Баяғыда бір қызықтың болғаны бар. 1969 жылдың қысы қатты болып, су тасқынына ұласты. Біздің үй ол кезде Арыс өзенінің жағасында еді. Шаңырағымызды су алатын халге жетті. Мілисәлар (милиция) көп адамды қауіпсіз жерге алып кетіп жатқанда, мені қосқанда Мәнзура деген апа екеуміз ғана сол маңда айналшықтап кешке дейін жүрдік. Мілисәлардың бірі түртінектеген бізді көріп: «алтын көмдің бе, ақшаң бар ма?» – деп зіркілдеп қуды. Жүрісіміздің мәні жайдан жай емес, үйде, жүктің астында киіктің терісіне оратып Бабахан ата көмдірген осы қазіргі қолымдағы мөр болатын. Содан Әлібек Масанов деген ауылдасымыз «қайт, бәлеге қаласың» деп алып кетті. Құдайдың құдіреті, ертеңіне ол жерге қайта барсақ, сол аймақтағы 500 үйден су алмаған, құламаған жалғыз біздің үй ғана. Қалғандары быт-шыт, жермен-жексен болған. Кейін естідік, обкомның хатшысы Тәшенов вертолетпен ұшып бара жатып, суға жауланған алып кеңістіктегі қалқайған жалғыз тамды көріп, таң қалып: «мынау не?» депті. Жанындағылар: «Бұл жерге бір қожа кітап көмген» дейді. Сөйтіп, жоғарыдағы басшылардың пәрменімен бірінші біздің әулеттің шаңырағы елден бұрын көтеріліп, осы аумақта бірінші рет шипырмен шатырланды.
– Апа, сіз бұл мөрді көрінгенге басып бере бермейтін көрінесіз. Мұның сыры неде?
– Енді ше?!. Арыстанбаб басында қалқайып әрең жүрген кемпірді бір соғып, алып кетсе не істей аламын. Онсыз да «қалағаныңды берейік, мөрді бер» деп жүргендер жетеді. Тіпті, Астанадағы бас мешітке де сұратып жатыр. Мен бұған дейін талай дүниені мұражайға тапсырдым. «Зерттеймін, қараймын» деп алдап алып кеткендер де баршылық. Қалғаны: осы мөр мен екі құран кітап, сосын бір асатаяқ. Сондай-ақ, Арыстанбаб ғимаратының 1911 жылғы сызба жоспары да бізде сақтаулы. Жалпы, мөрді, пейшембі, жұма күндері ғана басамыз. Басқанда да дәретпен. Әншейін күндері басса, жақсы түспейді. Бар құпиямыз осы.
 
«Үлкендер «кептер бүлкілдеді ме?» деп сұрасатын»
 
– Отырардың тарихы Арыстанбаб кесенесімен тікелей байланысты. Ескінің көзісіз, әулиелерге қатысты жастық шағыңыздан бір естелік айта кетсеңіз.
– Ол кезде әулие кесенесі маңында терең жеркепе бар еді. Әрбір 10-15 күнде сол жерге жан-жақтан халық ағылады да тұрады. Кеңестің қылышынан қан тамып тұрған қысылтаяң шақ. Біз секілді көкөрім жастарды айнала шеңберлей қарауыл қойғызып барып қана үлкендер жағы Зікірге кірісетін. Есімде қалғаны: сонау Түркістаннан Шаһісләм деген молдамен Шерімбет інісі Айтқожалар келетін. Сүлеймен дамолла, Әлім дамолла, Жолдас қары, Үбай дегендері бар еді. Бәрі жиылып болғасын «лә илаһә иллалла, гауһи тауһи һайролла, хасби рабби жалалла» деп, айқайлап бастарын екі жаққа шұлғып, «Һу, һу, хай» деп шуласатын. Рәсім біткесін бір-бірінен: «кептер бүлкілдеді ме?, бөдене бүлкілдеді ме?» деп сұрайды. «Бүлкілдеді» дегеніне: «жетілдің» деп, мәз болып, сыртқа шығаратын. Онда әлі баламыз, «бүлкілдеді» деп жүректің лүп-лүп етіп білінуін айтатынын қайдан білейік. «Бүлкілдемеді» дегеніне Құдайым сақта, қаһарланып: «о надан, надан!» деп ұрысатын. Осылайша сол түні-ақ таң атпай, сыбдырын да сездірмей, ештеңе болмағандай жан-жаққа бытырап, әркім өз жөнімен кететін. Кейін сол үлкендердің көзінің кетісімен бұл үрдіс тоқтап қалды ғой.
– Егемендік алғанға дейін Арыстанбаб кесенесі күтусіз болғаны мәлім. Әулие шырақшыларының ұрпағы ретінде сіздер сол кезде не істедіңіздер?
– Біз шалымыз екеуіміз алғаш кесененің есігін ашып, басына киіз үй тіктік. Құрылысқа қарап, бас-көз болуға тырыстық. Қазір ғой, ол жерге қожайын да көп. Солардың ешқайсысы да әулиенің басын біздің алғаш қолға алғанымызды мойындағылары келмейді.
 
«2000 жылдан әрі қарай мұсылмандық кіреді»
 
– Бабахан қары жөнінде бірер ауыз сөз айта кетсеңіз. Өйткені ол адам туралы аңыз көп екен...
– Ол кісі қары (қари – Құранды жатқа оқушы, –– авт.) болған. Бізді ылғи да партияға кірмеуге уағыздайтын. «Партияға кірсең кәпірсің, өйткені оған «Құдай жоқ» деп кіресің» деп ескертіп отыратын. Бабахан ата Меккеге барған. Кезінде советтен қашып, Өзбекстанда бір қап кітап көміп кеткен екен. Ол да сол күйі табылмады. Сонда Троцкийден қашып бара жатып осы мөрді көмдірген өзі еді.
– Осы жергілікті ел аузында Бабахан қары айтып кетіпті деген сөз естідік. Соны өз аузыңыздан естісек.
– Бабахан атам айтатын: «шариғатым жетім қалып барады. Арғын қызысың, ұғып ал. 2000 жылға шейін өзіміздің мұсылман тартысады. 2000 жылдан әрі қарай мұсылман діні кіреді.
Мұсылманшылық жақсы келе жатыр. Адам-Атадан артық бір ғалым туды. Алайда, біздің қазақ әр дінге кіреді. Орыс кірмейді, бізден кіреді. Сондай заман келеді. Тәуіп, көріпкел көбейеді. Бірақ Құдайдың сүйгені ғана осы біздің Мұхаммед пайғамбар жолын таңдайды. «Кәпір тартса, момын аралас, Момын тартса, кәпір аралас, Оқтау-тақтай жиылды, Нән шаям ғанибет» дейтін. «Кәпірі де, момыны да өзімізден болады», – дейтін. Мен сондағы «үлкен ғалым» дегені осы өзіміздің патшамыз Нұрсұлтан Назарбаев па деймін, кім біледі?! Әйтеуір заман әсте-әсте түзеліп келеді емес пе?!
 
Анықтама: Мөрдің диаметрі – 11,5 см. Ағаштан жасалған. Бұл мөр зияратшыларға тұмар ретінде басылып беріп отырған. Мөр ортасында: «Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи», айналасындағы жапырақтарға оңға қарай ретімен:
Шайқы Ахмет Раванде
Шайқы Ахмет Жами
Шайқы Ахмет Маржан
Шайқы Ахмет Кабир
Шайқы Ахмет Аркам
Шайқы Ахмет Саххак
Шайқы Ахмет Харб
Шайқы Ахмет ... (толық оқылмайды)
Шайқы Ахмет Марсал». деген сөздер жазылған (Аударған: ленинградтық ғалым – А.Иванов). Бұл Әзірет Сұлтанның есімі жазылған көне мөрлердің ішінде бізге жеткен жалғыз үлгісі («Арыстанбаб» кітапшасынан, 11бет, Алматы «Демеу» 1992 ж).
 
Дерек:
Арыстанбаб кесенесінің ішіне жерленген Лашынбаб пен Қарғабабтың қасында үшінші қабір бар. Ол –– Шерімбет әз қабірі. Жаңыл апа осы кіндіктен тарайтын шырақшылар әулетінің келіні. Шерімбет әзден Нарымбет әз, одан Бабахан қары, Бабахан қарыдан – Мамасадық. Ал, Жаңыл апа Мамасадық атаның жұбайы.
Әңгімелескен
Абылай МАМЫРАЙХАН
 
Интересная статья? Поделись ей с другими:

Ой-пікірлер  

 
0 # Нағыз Қазақ 06.03.2012 19:38
Жаңыл апайдың мекен жайын кім біледі екен?
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Жандарбек ЖҰМАНОВ 06.03.2012 21:15
аналар кауымы келе жатқан 8-наурыз мерекелерiнмен шын журектен құттыктаймын! Әрқашан күліп жүріндер!
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Akerke Umirbekova 07.03.2012 00:59
Қазір футбол басталады, жігіттер))...
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Күйінген қазақ 07.03.2012 01:25
Тұңғиық қараңғыдан шығып, өмірмен таныстым. Алғашында жарықты көріп, қорықтым. Жыладым…
Кейінірек жарықпен өмір сүруді үйрендім. Бірақ өмірдің қараңғы жағының көбірек екенін көрдім. Шошыдым.
Ең жақындарымды қараңғы жерге салдым. Тағы да жыладым…
Өмір сүруді үйрендім.
Туудың – өмірдің бітуінің басталуы екенін, одан кейінгі уақыттың өлімнен ұрланған уақыт екенін ұқтым…
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Арыс 07.03.2012 09:24
Қария, бұл мөрді лажы болса қолыңыздан шығармаңыз. (ақыры белгілі болып қалыпты ғой) Қолыңыздан шықса болды, ана Назарбайдың ұрпағы өзінің үйіне алдырып қоятыны анық. ("Мына қазақтардан жанымды алып қалатын сол болады деп". Тойымсыз ғой ол. Ана сақ жауынгерін үйіне алдырып қойғандай.)
Онан да балаларыңызға өсиеттеп кетіңіз кейін не істеу керектігін.
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Хадис таратушы 07.03.2012 10:48
Жәбир (р.а.): «Ухуд шайқасы болған күні бір сахаба Пайғамбарымызда н (с.ғ.с.): Уа, Аллаһтың елшісі! Егер ерлікпен қаза тапсам (о дүниеде) қайда боламын? – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: Жәннатта боласың – деп жауап берді. Сонда әлгі сахаба бірден қолындағы әлі жеп тауыспаған құрмаларын тастай салып, ұрысқа кірісіп кетті де, қаза тапқанша қасық қаны қалмай шайқасты» – деп айтты.
(Муслим риуаят еткен)
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Мираc 07.03.2012 10:49
Всех женщин с 8 мым мартом поздравляю! дорогие девушки цветы нашей жизни я люблю вас и уважаю! 8 марта! Женский праздник!
Весны и солнца светлый день!
И много пожеланий разных
Хотим произнести с колен!
Прекрасным дамам сладкой жизни!
Любви и счастья, доброты,
Удачи, смеха, оптимизма,
Побед и взлетов череды!!
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Лилия 07.03.2012 12:29
ХИМЧИСТКА "ЛИЛИЯ” ПОЗДРАВЛЯЕТ С ПРАЗДНИКОМ 8 МАРТА ВСЕХ ДЕВУШЕК И ЖЕНЩИН!ЕСЛИ СООБЩЕНИЯ ДОЙДУТ ДО МУЖИКОВ ПРОСИМ ПЕРЕДАТЬ СВОЕЙ ПРЕКРАСНОЙ ПОЛОВИНЕ НАШИ ПОЗДРАВЛЕНИЯ))) ) И ИЗВИНЯЕМСЯ, ТАК КАК В АГЕНТЕ НЕВОЗМОЖНО СООБЩЕНИЯ РАЗДЕЛИТЬ))))УЛ ЫБАЕМСЯ И ПОЗДРАВЛЯЕМ ЖЕНЩИН))))
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Экспресс К 07.03.2012 13:41
В Кызылорде мужчина заказал букет из миллиона алых роз, пишет "Экспресс К".

Мужчина после ссоры с женой решил преподнести ей такой подарок на 8 марта. Он уже внес предоплату. Хозяйка цветочного магазина утверждает, что это самый крупный заказ в истории города. "Мы уже заказали цветы в Алматы, все розы будут голландские, алого цвета, одной длины, как на подбор. Как оптовому покупателю, мы сделаем клиенту очень большую скидку", - говорит цветочница. Она добавила, что розы для супербукета привезут из Нидерландов.

Издание подсчитало, что подарок обойдется жителю Кызылорды примерно в три миллиона долларов. Сейчас стоимость цветка составляет 500-1000 тенге, в праздники их цена взлетает до двух тысяч тенге.

Вес букета из миллиона роз составит 40-50 тонн.
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Бейсен Ахметұлы 07.03.2012 14:07
Құрметті Ханымдар мен мырзалар!
8 наурыз мерекесі құтты болсын! Алла барлығыңа да екі дүниенің бақытын берсін!
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # ЖАУШЫ 07.03.2012 15:34
Қасиетіңнен айналайын, Қара мөр. Арыстан Баб, Лашынбаб, Қарғабаб, Шерімбетәз, аталар. Тұрандағы Сом Жүрек - Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи, Арда Ахметтер. Алланың нұры жаусын.
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Һақтың құлы 07.03.2012 15:45
Әумин, Жаушы аға.
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Есет муслим 07.03.2012 16:17
Один праведник задал вопрос другому о том,как тот совершает намаз. Ответ был таков:"Когда подходит час намаза,я, тщательно совершив омовение,направ ляюсь к месту совершения намаза.Внимательно слушаю призыв на молитву,повторя я слова за муадзином.Встав на намаз, я представляю перед собой Каабу, под ногами - мост Сират, справа- Рай, слева- Ад, ангела смерти Азраиля (алейхиссалям) - рядом с собой, и ко мне приходит ощущение,что в этот момент я буду выполнять последний намаз в своей жизни. Тогда я произношу слова "Аллаху Акбар" с полным смирением,читаю Коран, размышляя над его смыслом. Особо сладостно для меня состояние земного поклона.Выполнив необходимое с покорностью и любовью и боясь чем-либо вызвать недовольство Аллаха Тааля, надеюсь,что примет Он мою молитву Своей Милостью".
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Есет муслим 07.03.2012 16:17
Затем праведник задал еще вопрос: "С какого времени твой намаз стал такого уровня?" Ответ был таков:"Так продолжается вот уже тридцать лет ". После чего задавший вопросы заплакал, говоря: "Я никогда не был настолько счастливым,чтоб ы хотя бы один раз совершить намаз,подобный твоему..."
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Luz 23.07.2014 08:02
Why people still use to read news papers when in this technological globe the
whole thing is accessible on net?

Review my weblog - Christian Louboutin Cheap: http://dailyaddurl.com/story.php?title=individuals-of-diverse-age-or-in-a-unique-time-period-and-exclusive-demands-in-the-
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 
 
0 # Misty 22.11.2014 08:19
It's fantastic that you are getting thoughts from this post as well as from our discussion made here.


My web site: bingo website (gamestua.com: http://gamestua.com/tag/y1)
Жауап беру | Цитата арқылы жауап беру | Цитатадан алу
 

Ой-пікір қосу

Соңғы жаналықтар